Танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева келініне «сырға салды» (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Отандық танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева жақында некесін қиған ұлы мен келінімен кездесіп, ерекше отбасылық кеш ұйымдастырды. Журналист келініне сырға салды, деп жазады ozgeris.info тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеп.

Артұр Асқарұлы жақында сүйіктісі Замираға Көлсайда үйленуге ұсыныс жасап, артынан бірден некесін қиған. Қос ғашық Алматыға оралған бойда блогердің анасымен кездескен. Гүлмира Дайрабаева жастарды жылы қабылдап, жаңа келініне «сырға салған».

Ерекше отбасылық кештің видеосын Артур Асқарұлы Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Бейнежазбада Дайрабаеваның келініне сырғасын салып, артынан басына орамал таққанын көруге болады. Жұлдызды жанұя «сырға салу» рәсімін дәл осылай тек санаулы адамдардың қатысуымен өткізгісі келгенін жеткізді.

«Шынымды айтсам, бұл кеш мүлдем жоспарсыз, аяқ асты болды. Анам Алматыға 1-2 сағатқа қана ұшып келген еді. Замираға дайындаған сырғасын да өзімен алып келіпті. Біз бұл күнді мүлдем ақылдасып, жоспарлаған емеспіз. Тек барынша осылай қарапайым, аз адамның қатысуымен өткізгіміз келді», — деді Артур.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Артур Аскарулы (@archibaaalt)