Танымал блогер Аско прокурордың бас киімін кигені үшін 10 күнге қамалды

t.me/halyqstan

Шымкент қаласының танымал блогері Асхат Балқыбаев, желіде «Аско» атымен белгілі, құқық бұзушылықпен күресуші ретінде танылып келген. Алайда оның өзі ұсақ бұзақылық бойынша сот алдына келді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Оқиға биылғы 9 қазанда Түркістан облысы прокуратурасында орын алған. Сот материалдарына сәйкес, блогер прокурорлардың біріне тиесілі фуражканы бөтен қораптан алып, оны киіп көрген. «Бұл енді менің бас киімім» деп мәлімдеген ол сол жерде өз әрекетін бейнежазбаға түсірген.

Бұл «әзіл» әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға айналып, Балқыбаевқа қатысты ҚК 434-бабы бойынша іс қозғалды. Блогер полиция шақыруына екі рет келмей, Түркістаннан Шымкентке кеткен. Бірақ құқық қорғау органдары оны тауып, сотқа жеткізді.

19 қарашада Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Балқыбаевты ұсақ бұзақылық жасады деп танып, оны 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Сот блогердің әрекетін әдейі жасалған және заңға қайшы деп тапты.

Балқыбаев өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Дегенмен сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л