«Таңнан кешке дейін жыладым»: Баян Мақсатқызы басындағы ауыр жағдай туралы айтып берді

Белгілі продюсер, қоғам қайраткері Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті деп жазады Democracy.kz. тілшісі. 

Ол ана болу жолында кездескен ауыртпалықтары мен бірінші баласын жоғалтуы туралы сырымен бөлісіп, басынан кешкен қайғылы оқиғасын еске алды.

“Мен 20 жасымда бірінші рет босануға дайындалып жүрдім. Алайда жүктіліктің 36 аптасына келгенде баламды жоғалтып алдым. Бұл менің өмірімдегі ең үлкен дағдарыс болды. Сол кезде медицина деңгейі өте төмен еді. Ешқандай дайындықсыз, кесарево жасай алмайтын жағдайда болдым. Маған күн сайын 40-қа жуық инъекция салынды, түрлі процедуралар қолданылды. Босануға он күн бойы дайындық болды. Бұл әсіресе физикалық тұрғыдан  өте ауыр және қиын  болды,” – деп бөлісті Баян.

Бұл оқиғадан кейін ол ұзақ уақыт депрессияға түскенін мойындады.

“Мен күн сайын таңнан кешке дейін жыладым. Сол қайғыдан айығу өте қиынға соқты. Бұл сынақ маған өмірдің қаншалықты күрделі екенін түсіндірді,” – деді ол.

Баян Мақсатқызының бұл оқиғасы оның өміріндегі ауыр сәттердің бірі болғанымен, ол қиындықтарды еңсеріп, өмірін жаңа бағытта жалғастыра алғанын дәлелдеді.

Сұхбат барысында ол өзінің күрескерлік қасиеті мен өмірге деген құштарлығын көрсете алды.

Мұндай шынайы әңгімелер қоғамда қиындықтарды еңсеруге мотивация беріп, әйелдерге қолдау көрсетуге бағытталған маңызды мысал болып табылатыны сөзсіз.