«Тамағын қысқан»: Кейқуат Оспановтың тағы бір баладан «жын шығарған» қорқынышты видеосы тарады

Фото: видеодан скрин

Кейқуат Оспановтың тағы бір «жын қуып» жатқан видеосы жария болды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеода емші баланың тамағынан қысып, «жынмен сөйлесіп» отыр. Төсекте ағыл-тегіл жылап жатқан баланың дауысы қырылдап, әрең шығады. Баланың 12 жаста екені жазылған.

Емшінің бұған дейін 5 жастағы қыз баланың да ішіне кірген «шайтанды шығарамын» деп азаптаған видеосы желіде тарап, қоғамдық резонанс тудырған.