Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды

Талдықорғанда белгілі журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 11 тамызда Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша ұсталды.

«Бұл бапта жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында сөйлеуде, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы таратқаны үшін жауапкершілік қарастырады», — деп хабарлады ведомстводан.

Журналист қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Ол мойындау туралы куәлік беріп, процесуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шықты.

«Қазіргі таңда тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді»,- деп атап өтті Жетісу облыстық полиция департаментінен.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!