Талдықорғанда мектепке жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяқ сотталды

Полиция
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

8 талдықорғандықты алдап соққан ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Ozgeris.Info.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 29 жастағы ШҚО тұрғыны қала мектептерінің біріне дене шынықтыру және тарих пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігін айтып, көрсетілген қызмет үшін ол жұмысқа орналасқысы келетіндерден 150 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейінгі ақшаны алған. Осылайша, екі айдың ішінде Талдықорған қаласының сегіз тұрғыны жалпы сомасы үш млн теңгеге алданып қалды.

Сот оны ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

 Жазасын өтеу үшін сотталған адам Семей қаласының қауіпсіздігі орташа колониясына жеткізілді. Мекемеге келгеннен кейін онымен тәрбие жұмысы жүргізіліп, карантиндік бөлімшеден шығу бойынша ол сабын өндіру цехына жұмысқа орналасты. Оның жалақысының бір бөлігі талап-арыздарды өтеуге кетеді, – дейді режим бөлімінің бастығы Кунафин Мейіржан.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит