Instagram желісіндегі жазбалардың бірінде кәсіпкер Евгений Глинский қазақ халқын қорлайтын пікір қалдырды, деп хабарлайды ozgeris.info.
“Аттың үстінде қарсы аласыңдар ма? Сендер бізсіз тіпті көтерілісті тоқтата алмадыңдар, батырлар”, – деп жазды ол.

Бұл сөздер желі қолданушыларының ашуын туғызып, көп ұзамай Глинскийдің парақшасына шабуыл жасалды. Қолданушылар оның бизнесін бойкоттауға шақырып жатыр.
Айта кетейік, Евгений Глинский — Қазақстандағы SmartCoffee кофеханалар желісінің иесі. Желіде дау күшейгеннен кейін ол түсініктеме беріп, жазбаның жалған екенін айтып, кешірім сұрады.
“Мен жартылай башқұртпын, жартылай татармын, Башқұртстанда тудым. Башқұрттар, татарлар мен қазақтар өте ұқсас. Менің атымнан жазылған пікір менің өз ұлтымды да қорлайды. Мен ешқашан өз халқыма ондай сөз айтпас едім. Қазақстандағы тобымда 40 адам бар, оның ішінде тек 2-еуі ғана қазақ емес. Бізде көп қазақ досымыз бар, қазақтарға кофе сатып жүрміз. Қазақтарды қорлауым мүмкін емес. Бұл жағдай бақылаудан шығып кеткені үшін және кеш шығып сөйлегенім үшін бүкіл қазақ халқынан шын жүректен кешірім сұраймын. Әсіресе қаңтар оқиғасына қатысты айтылған сөздер үшін кешірім сұраймын. Ол сөздер маған де ауыр тиді, сіздерді түсінемін”, – деді ол.
Қазір Глинскийге қатысты ресми органдар тарапынан ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру