Өлімге әкелген төбелес 12 қазан, сенбі күні таңғы сағат 5-те Лисаковсктағы «Монако» караоке клубында орын алды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі «Наша Газета» басылымына сілтеп.
Бейнебақылау камераларындағы жазбаны оқырман «НГ» редакциясына жіберді. Қаза болған адам 41 жаста еді. Полиция бұл оқиғаны растады.
— Лисаковск қаласының ойын-сауық орындарының бірінде адам өліміне әкеп соққан дене жарақаттарын келтіру фактісі бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (ҚК 106-бабының 3-бөлігі), — деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. —
Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
22 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Лисаковск соты оны тұтқындауға санкция берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ