«Тағдыры талқан болды»: Ләйлә Сұлтанқызы жантүршігерлік жағдай туралы айтты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Ақтауда болған ұшақ апаты жайлы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тележүргізуші өз сөзінде сын сәттегі жылдам әрекет жасалғанын тілге тиек етіп өтті.

«Баршамызға бұл қаралы хабар ауыр тиді. Бауырмалдық, татулық, бірліктің қадірін тағы бір мәрте түсіндік. Мәжбүрсіз қан тапсыру, күштеусіз көмектесу, ТЖМ, ДСМ, облыс, қала әкімдігінің, белсенді азаматтардың қолдауы, кәсібилік, жылдамдық.

Рас, көрші ақысы – тәңір ақысы. Тағдыры талқан болған қанша азамат үшін жанымызды шүберекке түйдік. Аман қалғандар үшін тек «шүкір» дей бердік.

Дос, бауыр, жанашырлықтың айқын көрінісі. Зардап шеккен жандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын! Иманды болсын», — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.