«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан тағы бір болжамды ананың анализ тапсырғанын мәлім етті.
Сондай-ақ анасын іздеген Жәнібектің ресми өкілі Қымбат Досжан Арқалық перзентханасында босанған келіншектерге хабарландыру жасады.
Мына ақпаратқа назар аударыңыздар, құрметті келіншектер, ер-азаматтар. Егер сіз, 2001-2003 жылдары Арқалық қаласының перзентханасында босанып, қолхат жазып, баладан бас тартып немесе қашып кеткен болсаңыз, анонимді түрде анализ тапсыра аласыздар, — деп жазды журналист Қымбат Досжан.
ПІКІР ЖАЗУ