Танымал журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа деректі жариялады.
Айтуынша, қан тапсырған 4 әйелдің анализінің қорытындысы шыққан.
«Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр таянды», – деді ол.
Жәнібек анасын іздеу жұмыстарына көмектескен жандарға алғыс айтты.
«Қымбат апай, менің анамды табу үшін істеп жатқан жұмысыңызға мың алғыс!» – деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ