Түркиядағы қаржы-энергетикалық дағдарыс салдарынан елдегі қонақүйлер жазда 100 пайызға дейін қымбататуы мүмкін. Қазіргі жағдай мынадай: коммуналдық қызметтерге ақы төлеу қонақүйлердің кірісін толығымен «жейді» және олар тез «минусқа» түседі, — деп хабарлайды Тourprom.
«Жақында ғана қонақүй шығындарындағы энергия үлесі 4-8 пайыз болған, бірақ қазір ол іс жүзінде 100 пайызға жетеді. Яғни біздің барлық кірісіміз энергия төлеміне кетеді. Оның үстіне қыста электр энергиясы мен азық-түлік бағасының қалай өсетінін әлі білмейміз», — деді Эгей туристік кәсіпорындар мен орналастыру қауымдастығының (ETIK) вице-президенті Бүлент Зюзер.
«Біз клиенттердің наразылығына тап боламыз. Бірақ бізге де шығындарды үнемдеу керек. Мысалы, азық-түлікті сақтау құны өсе бастады. Бұрын үнемдеу үшін біз азық-түліктің көтерме партияларын сатып алып, оларды мұздатқыштарда сақтадық. Қазір электр энергиясы былай үнемдеуге мүмкіндік бермейді», — деді ол.
Нәтижесінде, оның айтуынша, маусымда бағалар 50-60 пайызға өседі және 100 пайыз қымбаттауы мүмкін деген тәуекел бар.
ПІКІР ЖАЗУ