Түркістан облысының тұрғыны чат арқылы тыйым салынған діни уағыздарды насихаттап келген

Полиция қызметкерлері деструктивті-діни ағым жақтаушысын Жетісай қаласында ұстады.

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қ.Саховтың айтуынша, жедел-іздестіру іс-шараларын Түркістан облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп жүргізген.

Бұрын бірнеше рет сотталған 58 жастағы ер адам мессенджерде чат құрып, онда радикалды уағызшылардың бейнематериалдарын жариялап отырған. Сондай-ақ, тыйым салынған деструктивті-діни ағым идеологиясын насихаттайтын хабарламалар таратқан.

«Жедел уәкілдер ІІО-да есебінде тұратын күдіктіні Жетісай қаласынан ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда» — деді Қ.Сахов.

Фото: pexels.com


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом