Енесінің таяғынан кейін уксус ішіп өлмекші болған келін үш күннен соң есін жиды
Түркістан облысында жылдар бойы келінін таяқтың астына алып келген ененің үстінен іс қозғалды.
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, 26 жастағы Дананың келін болып түскеніне 6 жыл болған. Жігітіне сүйіп қосылыпты. Алайда енесі келіні ұлының басын айналдырып алғанын айтып, жылдар бойы соққының астына алып келіпті.
“Күйеуге тиген 6 жылда 3 бала туды. Үлкені 4-те, ортаншысы 2-дег асты, кішісі небәрі 9 айлық. Баламның басын айналдырып тидің деп отырса опақ, тұрса сопақ. Енесі тарапынан әркез психологиялық қысым, қорлық, өол көтеруден мезі болған келін соңғы ұрыстан соң өлуге бел шешеді. 1 маусым күні таңертең үйдегілер қалың ұйқыда жатқанда орнынан тұрып, балаларының бетінен сүйіп қоштасып, уксус ішіп естен танады. 3 күн ес-түссіз жатып беті бері енді қарады”,- деп жазады журналист.
Дана енді үйге оралмайтынын айтып, енесінің үстінен арыз жазған. Түркістан облысы полициясы азаматша Қатираға қатысты ҚР 105 бап бойынша (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) қылмыстық іс қозғады.
ПІКІР ЖАЗУ