Түркістан облысындағы Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округіне қарасты Алмалы ауылының барлық дүкенінде ішімдік сатылмайды, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы.
Мыңнан астам халық, 150 шаңырақ осы ауылда тұрады. Ауыл дүкендерінің ешқайсысында ішімдік сатылмайды. Тағы да бір қызық дүние, барлық келеңсіз жағдайлар ақсақалдар кеңесімен шешіледі.
«Ауыл тұрғындарының барлығы мал ұстайды. Сол кездегі ауыл билері бас болып, ішімдіксіз ауыл болу бастамасын қолға алған болатын. Сол жылдан бастап осы уақытқа дейін ауылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ», – дейді ауыл әкімі Мейрамбек Қыдырқожаұлы.
Ауылда тек 3 дүкен бар. Сол үшеуі де ішімдік сатпайды екен. Қызығы, соңғы 2 жылда ажырасу азайып, отбасылық кикілжің басылып келеді екен.
Ozgeris.info порталы
Id like to thank you for the efforts youve put in penning this site. I am hoping to check out the same high-grade content from you in the future as well. In fact, your creative writing abilities has encouraged me to get my own site now 😉