Ет жеу осы екен деп шектеусіз, таңдаусыз кез келген етті пайдалана беру денсаулығымызды нашарлатпаса, нығайтпайды. Рас, ата-бабамыздың табағы еттен, мұрты майдан ажырамаған дерсіз. Бірақ ата-бабамыздың өмір сүру салты қандай еді? Ертелі-кеш шаруаның соңында жүрді емес пе?
Ал бүгінгі ұрпақтың өмір сүру салты қандай? Қазіргі заман қимыл-қозғалысы аз кеңсе жұмысы, техника мен технология заманы ғой. Тіпті жаяу жүретін жұрт жоқ. Жегеніңіз қай кезде қорытылып, қай кезде ағзаңызға сіңеді? Осыдан семіздік, атеросклероз сынды аурулар белең алып барады.
Төрегелді ШАРМАНОВ,
Қазақ тағамтану академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
«ozgeris.info».
ПІКІР ЖАЗУ