Тәліптер Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысты мұқият қадағалап, тараптарды татуласуға шақырады. Бұл туралы ozgeris.info Ауғанстан СІМ мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
Хабарламада Талибан Украинадағы жағдайды мұқият қадағалап, бейбіт тұрғындар арасында болуы мүмкін шығындарға алаңдаушылық білдіретіні айтылған. Ауғанстан билігі соғысушы тараптарды жанжалды диалог пен бейбіт жолмен шешуге шақырды.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский бейнехабарлама жазып, онда Ресейді соғыс қимылдарын тоқтату туралы келіссөздерге шақырды. Оның айтуынша, келіссөздер неғұрлым ертерек басталса, Ресейдің шығындары соғұрлым аз болады.
ПІКІР ЖАЗУ