Сюцай да — харам: ҚМДБ пәтуа шығарды

Фото: Сырым Итқұловтың телеграм арнасынан

Мұсылмандардың діни басқармасы сюцайды күнә деп жариялады. Себебі исламда Алланың орнына сандарға сенуге тыйым салынған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Сан тағдырды шешпейді, шариғат ондай нумерологияға қарсы деді. Сюцайды көріпкелдікпен теңестірген, көріпкелдік те харам.

«Осындай сенімнің нәтижесінде адамның Құдайға емес, санға деген сенімі артады. «Дінімізде мұндай сандық болжамдарға сену және Алланың құдіреті мен тағдырына күмәндану үлкен күнә», — деп түсіндірді департамент.