Сыннан кейін Түркістан әкімдігі суреттерді жаңа ракурстан қайта салды

Әлеуметтік желі пайдаланушылары суреттердің күмәнді көрінгенін байқап, фотошопты пайдалануда күдік тудырды. Бұған жауап ретінде әкімдік түпнұсқалық суреттерді алып тастап, басқа ракурстан суреттерді қайта жүктеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Түркістан instagram парақшасына салынған суреттерде Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов бірқатар басшылық құраммен бірге 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында жасы 100-ден асқан Ақбұлақ ауылының тұрғыны Қызылкүл Қуандықованы төл мерекесімен құттықтап, шаңырағына арнайы барған болатын.Алайда желі пайдаланушылары суреттердің күмәнді көрінгенін байқап, фотошопты пайдалануда күдік тудырды. Бұған жауап ретінде әкімдік түпнұсқалық суреттерді алып тастап, басқа ракурстан суреттерді қайта жүктеді

Instagram/turkistan_oblysy