«Суық хабар үсті-үстіне келіп жатыр»: Бағлан Әбдірайымов өмір сынақтары туралы айтты

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов кейінгі кездері отандық шоу бизнесте қайғылы хабар көбейіп кеткенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Суық хабар үсті-үстіне келіп жатыр. Күні кеше Гүлнар Сиқымбаева әпкеміз дүние салып еді… Ал бүгін Арман Дүйсеновтің жап-жас ұлы өмірден өтті. Не деген ауыр сынақ еді», – деп жазды ол.