«Сүт алуға шыққан»: Атырауда 11 жасар оқушы үш күннен бері табылмай жатыр

Атырауда үш күн бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 11 жасар оқушыны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, мектеп оқушысы 20 желтоқсанда күндізгі сағат 10:35-те үйінен шығып, қайта оралмаған.

«Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданының тұрғыны, 2013 жылғы Жасұлан Назарчук үйінен дүкенге сүт алуға шыққан. Содан кейін із-түссіз жоғалып кеткен. Жоғалған ер баланың үстіне қою жасыл түсті күрте, спорттық үлгідегі қара шалбар, аяғына қара аяқ-қиім киген. Жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне немесе анасы Натальяның моблиьді байланыс 8778 950 28 45 нөміріне дереу хабарлау сұралады», — делінген ПД хабарламасында.