Сүлейменов: «Бүгінде нақты болжам жасай алатын экономист жоқ»

Kursiv.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының болашағына қатысты пікір білдіріп, күрт әрі күтпеген девальвацияның қазіргі жағдайда болуы екіталай екенін айтты деп хабарлайды Ozgeris.info порталы ORDA Telegram арнасына сілтеме жасай отырып.

«Кенет девальвация дегеніміз — ұзақ уақыт бойы жиналып келіп, бір күні таңертең бәрі өзгеріп кеткенін байқайтын жағдай. Алайда еркін өзгермелі бағам мен инфляциялық таргеттеу жүйесінде бұлай болуы мүмкін емес. Бұл нәрсені тағы бір мәрте нақтылап өткім келеді», — деді ол.

Оның сөзінше, теңге бағамына әлемдік жағдайлар — әсіресе мұнай бағасы — айтарлықтай ықпал етеді. Қазір мұнай арзандап отыр, ал бұл жағдай ұзаққа созылса, еліміздің экспорттық кірісіне кері әсерін тигізіп, ұлттық валютаға қысым түсіруі мүмкін. Бірақ әзірге Қазақстанның сыртқы сауда көрсеткіштері қалыпты деңгейде сақталып тұр.

«Қазіргі әлемде экономикалық болашақты дәл болжай алатын бірде-бір сарапшы жоқ. Көптеген белгісіздік пен тұрақсыздық бар», — деп толықтырды Сүлейменов.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…