«Сүйектері сынған». Әкесі ұрған екі жастағы қыз туралы тың дерек шықты

Фото: Pixabay.com

Павлодарда жантүршігерлік оқиға. Екі жасар қызды өгей әкесі аяусыз соққыға жыққан. Баланың екі жақ сүйегі де сынған. Оның мұндай жауыздыққа не себепті барғаны әзірше белгісіз, деп хабарлайды  ozgeris.info тілшісі.

КТК телеарнасының мәліметінше, баланы ауруханаға анасы апарған. Әйел рентгеннен кейін қызының төсектен құлап қалғанын айтқан. Қыз екі қолын қозғалта алмай, арқасына қол тигізгенде жылап жіберген. Сәбидің маңдайында көгерген іздер де бар. Алайда анасы тағы да саспаған — баласы басқа балалармен ойнап жүріп жарақаттап алған көрінеді.

Әйел көп ұзамай ауруханаға оралған. Ол бәрін ойдан шығарғанын айтқан. Ал көгерген жерлер мен сынықтар — оның серіктесінің ісі. Бұл істі қазір полиция тексеріп жатыр.

Ер адам ұсталып, қамауға алынды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)