Су тасқыны: Батыс Қазақстанға тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушы жіберіледі

21 сәуір күні Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден асып, 8,5 метрге жетті. Соның салдарынан өзен жайылмасында орналасқан саяжай алаптары су астында қалып, Жайық және Шаған өзендерінің маңындағы шағын аудандарды су басты.

Қазір Орал қаласында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілген режимде жүріп жатыр.

Облыс бойынша қорғаныс құрылыстарын нығайту шараларына 10,6 мыңнан астам адам және қала бойынша 6,4 мың адам, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен тартылған 2 мыңнан астам техника жұмылдырылған.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынымен күрес үшін Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан, Астана мен Алматыдан тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушыны Батыс Қазақстанға жіберуді тапсырды. Сонымен қатар Бозымбаев Оралдың периметріндегі су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын тексерді.

ТЖМ және Қорғаныс министрлігі желісі бойынша 200 адам Оралға барып, құтқару жұмыстарына кірісті.

Өңірдегі су тасқынының шарықтау шегі әлі алда деп болжануда.

Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…