Әлеуметтік желіде «Феминита» феминистік бастамасының өкілдері студенттерге дәріс оқыған видеосы тарап, артынан шу шықты.
Видео авторы ЛГБТ өкілдерінің білім ордасында дәріс оқып жатқанын айтып, наразылық білдірді.
«Сіздерге кім рұқсат берді? Қандай негізде өткізіп жатырсыз? Сіздер кімсіздер? Бұндай шараларыңызды қандай мақсатпен мектепте ұйымдастырып жатырсыз? ЛГБТ жалауын неге жайып қойғансыздар? Сіздерге бөлінген миллион долларды осылайша ақтап жатырсыздар ма?», — дейді автор.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ЛГБТ өкілдері еліміздің білім ордаларының бірінде жастарды жинап, дәріс оқып жатқан сәтін анық көруге болады. Олар тіпті, дәріс барысында ЛГБТ жалауын іліп қойған.
Дәріс үстіне түскен видео авторы олардың мұндай қадамға қалай барғанын сұрап жатқаны байқалады. Алайда, дәріс оқушы нақты жауап бермейді.
Тараған видео қоғамның наразылығын тудырды. Ал министрлік өкілі аталмыш шараға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
«Бұл іс-шара білім беру ұйымының аумағында өтпегенін, әрі оған білім алушылардың қатыспағанын ресми түрде мәлімдейміз. Семинар Алматы қаласындағы қонақүйлердің бірінде өткен. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының интерьері олардың бейініне сәйкес өзіндік ерекшеліктерге ие екенін назарға аламыз. Азаматтардың тек ресми әрі тексерілген ақпаратқа сенуін сұраймыз», — деп пікір білдірді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру