«Студент есін жоғалтқан»: Шымкент-Астана бағытындағы ұшақта оқыс оқиға болды

Фото: Pixabay.com

Қазақстандық дәрігер ұшақ бортында науқас қыздың өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оқиға Fly Arystan әуе компаниясының Шымкенттен Астанаға ұшқан рейсінде болған.

20 жастағы студент қыз есінен танып қалған. Бортсеріктер бірден әрекет етіп, ұшақтағы дәрігерлерді көмекке шақырыпты.

«Көмекке сол ұшақта болған жоғары білікті маман, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» анестезиология, реанимация және жаңа туған нәрестелерге интенсивті терапия бөлімінің меңгерушісі, нейрохирург және кардиолог Нұрсұлтан Әуелбекұлы Құрбанбеков келген», — делінген министрлік хабарламасында.

Науқасты тексеру кезінде дәрігер тамырының әлсіз соғып тұрғанын және қан қысымның нөлдік деңгейде екенін анықтады, бұл науқастың жағдайының ауыр екенін көрсетеді. Құбанбеков пен басқа дәрігерлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында қыздың жағдайы бірнеше минут ішінде айтарлықтай жақсарған.

“Анамнезде қандағы гемоглобин деңгейі небәрі 61 екендігі анықталды және қыздың айтуынша, ол емделмеген, бұл есін жоғалтудың себептерінің бірі болуы мүмкін”, – делінген хабарламада.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей