«Странджа» турнирі: Төрехан Сабырхан ел тарихындағы ең жас чемпион әрі ең үздік боксшы атанды

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Төрехан Сабырхан ел тарихындағы «Странджа» турнирінің ең жас чемпионы әрі турнирдің үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Болгария астанасы Софияда өткен турнирде 67 килограмға дейінгі салмақта сынға түскен 19 жастағы Төрехан Сабырхан қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль жеңіп алды. Ол тартысты жекпе-жекте Әзербайжан өкілі Заур Гахрамановтан 3:2 есебімен басым түскен.

Бұған дейін «Странджа» турнирінде 2008 жылы Мерей Ақшалов та 19 жасында топ жарған. Бірақ ай жағынан Төрехан жас саналады. Сондай-ақ ересектер арасындағы алғашқы халықаралық жарысына қатысқан Төрехан Сабырхан – «Странджа» турнирінің ең үздік боксшысы да атанған.

Бұған дейін осы турнирде бірде-бір боксшымыз бұл атаққа қол жеткізбеген. Төрехан Сабырханның турнирдегі жекпе-жектері: 1/8 финал. Асахуджа Муйдунходжаевпен (Париж Олимпиадасының чемпионы) жекпе-жек өтпеді. 1/4 финал. Лаша Гагнидзе — 5:0; 1/2 финал. Наби Исгандиров — 3:2.

Айта кетейік, 67 килограмға дейінгі салмақта 2024 жылы Дулат Бекбауов чемпион атанған еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!