Step_notsleep жаңалықтар аккаунтының хабарлауынша, Степногорск маңында жеңіл көлік пен автобустың соқтығысуынан төрт адам көз жұмды.
Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Степногорск – Заводской тасжолында болған. ВАЗ және YUTONG көліктері соқтығысқан. 69 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі мен үш жолаушы, оның ішінде бір бала оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі бала – 8 және 14 жастағы балалар ауыр жағдайда Степногорск ауруханасына жеткізілді. Біреуінің жағдайы өте ауыр, комада жатыр. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресуде.
«Оларға көптеген жарақат диагнозы қойылды. Бас сүйек-ми жарақаты. Ауыр деңгейдегі ми жарақаты. Төменгі жақ сүйегінің жабық сынуы. Кеуде қуысы мен ортаңғы кеңістіктің соққы жарақаты. Ішкі органдар зақымданбаған іштің жабық жарақаты. Екі жақтағы ортан жілік сүйегінің жабық сынуы. Екі балтырдың соққы жарақаттары. Екінші дәрежелі жарақаттық шок», – деп хабарлады өңірдің денсаулық сақтау басқармасы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ