Тепличное ауылы тұрғындарының өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 25 сәуір күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін алдын ала эвакуация жүргізіледі, деп хабарлайды ozgeris.info сайты СҚО әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Эвакуация кезінде тұрғындарға көлікпен жеткізу және қажет болған жағдайда медициналық көмек ұйымдастырылады. Барлық сұрақтар бойынша 8 (715) 382-12-01 нөміріне хабарласуға болады.
Уақытша орналастыру үшін Бескөл ауылындағы №2 орта мектеп пен Петропавл қаласындағы Жұмабаев көшесі, 198 мекенжайындағы жатақхана дайындалған.
Ауылда ТЖ қызметкерлері, әкімдік және басқа да жедел қызмет өкілдері жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, Тепличное ауылындағы бөгетті нығайту жұмыстары да жүріп жатыр.
«Сабыр сақтап, жедел қызметтердің нұсқауларын бұлжытпай орындауды сұраймыз», – делінген әкімдік хабарламасында.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру