СҚО-да туған қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Фото: Rostov.ru

Солтүстік Қазақстан облысында 29 жастағы ер адамға өз қызына қатысты зорлық жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан облысында сегіз жасар қызына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған 29 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Қылмыстық іс 2024 жылдың қазан айынан бастап қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта жабық режимде қаралды. Үкімді судья Ерлан Нұршарып 2025 жылғы 24 ақпанда жариялады.

«Сот айыпталушы Сәкенов Әділхан Қайратұлын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша («Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер») қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 50-бабы 2 және 3-бөліктеріне сәйкес, айыпталушыға педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынды, – деді Ерлан Нұршарып үкімді жариялау кезінде.

Сотталған азамат жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ерекше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. 15 күн ішінде сот үкіміне аппеляциялық шағым түсіруге болады.

Бұдан бөлек, сот шешімімен айыпталушыдан жәбірленуші баланың анасының пайдасына моральдық зиянды өтеу үшін 3 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіру және өкілдің көмегі үшін 1 миллион теңге мөлшерінде шығындарды өтеу белгіленді.

Сотталушы үйленбеген, жоғары білімі бар. Ол АҚ ӘКК «Солтүстік» мекемесінде басты маман болып жұмыс істеген. Сондай-ақ қылмыскер Сәкенов Әділханнің әкесі  Солтүстік Қазақстанда беделді тұлға екені анықталды. Қайрат Пшенбаев төрт рет түрлі аудан әкімі болған екен. Қазір «Ауыл» партиясын басқарып отыр.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей