«Сөздеріне жылады». Мақпал Жүнісованың жаңа әні кейуананың көзіне жас үйірілтті

Фото: әлеуметтік желі

Танымал композитор Жасұлан Базарбай жазған Мақпал Жүнісованың орындауындағы жаңа ән тыңдармандардың жүрегіне жетті, – деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Мақпал Жүнісованың әнін тыңдап жатып көзіне жас алған егде жастағы әженің видеосын жариялаған композитор әлеуметтік желідегі парақшасында әннің тарихы туралы жазды.

«Осы әнді «Диетаға» жазамын деп ойланып, үш ай жүрдім. Сосын бұл әнді жеткізіп орындау Мақпал Жүнісова апамның қолынан келеді деп, апама ұсындым. Сөйтіп, апамның ән қоржынына байланды. Менің ойым алдамады деп ойлаймын. Мақпал Жүнісованың өлеңінің сөзіне жылап қалды», – деп жазды Жасұлан Базарбай.

Желі қолданушылары да Мақпал Жүнісованың орындауындағы әнге жақсы пікір, тіпті тілек жазып жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...