Әшекей сатып басы дауға қалған Ерке Есмахан оқырмандарына тағы да бір үн қатты, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
«Сотуар қарайса да жүрегіміз қараймасын! Түсін жоғалтса да, мән-мағынасы үшін алдым, ауыстырып беріңізше деген қыздарға бізден, мастерден кеткен қателіктерді түзеп, жылтыраған, қараймайтын сотуарларды салып жіберіп жатырмыз. Бұл Ерке сотуардағы ниетімді түсініп, бұйымның қайталанбайтын эксклюзив екенін біліп жатқан ақылды, жаны нәзік аруларды құшақтадым. Ырымдап алған жандарға, сотуардағы бар тілегім орындалсын деп Алладан осы аяғым ауыр кезеңде тілеймін», — деді ол.
Сонымен қатар, әнші саудамен айналыспай-ақ үлде мен бүлдеге оранып жүргенін айтты.
«Сотуардан кеткен қателіктен бұрын біраз адамның көкейін тесіп бара жатқан осы саудадан тапқан ақшам екен ғой. Сотуардың ақшасына Парижде шалқып жүр деп жарыса жазып жатыр. Айналайындар, мен бұл табысты таппай тұрып Парижді 4 рет, дүниежүзін 5 рет аралаған адаммын. Сотуарсыз-ақ күйеуім мені үлде мен бүлдеге орап қойған Ерке Есмаханмын. Аллаға сансыз шүкір! Басқаның қателігіне қуанбай, біреудің ақшасын көре алмай, бос сөзбен өмір сүргенше, жұмыс жасап, миды қозғалтып, қателессең онда қателікті түзеп, жөндеп таза еңбектің терімен табыс тапқан абзалырақ, қандастар. Көп сөзден бір іс артық! Бұл «өмір» деп аталады», — деп түйіндеді Ерке Есмахан.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін желіде танымал әнші сатылымға шығарған «Ерке сотуар» қарайып кетті деп шағымданғандардың видеосы тараған болатын.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру