Актриса және блогер Жұлдыз Әбдікәрімова сотта жеңіліске ұшырағаннан кейінгі жағдайымен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Өткен айда Әбдікәрімова өз үйін қайтару үшін құрылыс компаниясын сотқа берген болатын, бірақ округтік сот оның пайдасына шешім шығармады. Қазір актриса Апелляциялық сотқа жүгініп, әлеуметтік желілерде процесс туралы ақпаратты жариялады.
Осыдан кейін, оның айтуынша, қызық қоңыраулар мен қысым көрсету әрекеттері басталды. Бейтаныс адамдар үшінші тұлғалар арқылы сот туралы ақпаратты оның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алып тастауды сұрап, егер ол жарияланымдарды жойса, «мәселені шешуге» уәде берді.
«Осыдан кейін түсініксіз қоңыраулар келе бастады. Бұған аса мән бермедім. Бірақ өткен аптада іссапармен Шымкентте болғанымда, бейтаныс адамдар менің жанымдағы адамдарға жолығып, “сотқа байланысты жарияланған ақпаратты парақшасынан алып тастасын. Егер өшірмесе, біз келіссөзге дайынбыз, мәселені шешуге тырысамыз, бірақ ақпаратты дереу өшіру керек” деген сәлемдеме жеткізіпті. Ескерте кетейін, мен бұл адамдарды көрмедім, олар менімен тікелей байланысқан жоқ! Сот процесінен тыс ешқандай келіссөздерге бармайтынымды ашық айтамын», — деп жазды Жұлдыз.
Ақпарат qazaq.today сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ