Әлеуметтік желіде түрме ішінде жайылған мол дастарқан басында сотталғандармен бірге тамақтанып отырған полицейлердің суреттері жарияланды, деп хабарлайды «ozgeris.info» «turkystan.kz»-ке сілтеме жасап.
Фото және бейнежазбалардан түрме қызметкерлерінің сотталғандармен етене жақын байланыста екені байқалады. Балқаш түрмесінде түсірілген фотоларды Руслан Лазута есімді құқыққорғаушы жариялаған.
«Қазақстан Ішкі істер министрлігінің бүкіл жүйесін сипаттайтын тамаша фотосурет. Балқаш түрмесіндегі сотталғандар полиция жолдастарымен бірге камера ішінде жайылған мол дастарханда бірге отырады. Ал сіздер колониялар мен түрмелерде телефондар, есірткілер, ішімдіктер, жезөкшелер қайдан пайда бола кетеді, қаладағы ұрлық пен тонау оқиғалары неге анықталмай жатыр деп сұрай бересіздер. Мұның бәрі ақшаның көмегімен оңай шешіледі. Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы қандай болса, оған бағынышты мекемелердегі жеке құрам да сондай…» — деп жазды Руслан Лазута.
Фото-видеоға қатысты әзірге жауапты орган өкілдері пікір білдірген жоқ.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ