Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 21 қыркүйекке дейін ұзартты

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартты, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 16 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін», — делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, 2022 жылдың 24 сәуірінде сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.

Еске салайық, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат былтыр 22 сәуірде пайда болған еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…