Қазақстандық блогер Тихон Шутов Алматыдағы Samal Tower тұрғын үй кешенінің былығын ашты.
Оның айтуынша, Samal Tower тұрғын үй кешені жер сілкінісіне төзе алмайтын екі қателік жіберген.
Біріншісі, құрылыс компаниясы техникалық қабаттың орнына пәтерлерді орналастырған. Бастапқыда жоспарланған 20 қабатты үй енді 21 қабатты болып шықты. Бұл өз кезегінде ғимараттың негізгі тірек құрылымдарына қосымша салмақ салып отырғанын ескеру керек.
Ал ең қызығы автокөліктердің ыңғайлы өтуі үшін паркингтің негізгі монолитті конструкцияларын кесіп тастаған. Қазір ол жерлерде ойық пайда болды. Барлық өткелдер бұзылғанымен, кейбір жерінде сақталғанын да байқауға болады.
Сонымен қатар блогер құйылған бетонның сапасы мен технологиялық талаптары толық орындалмағынын да атап көрсетті.
2GIS қосымшасында да түрлі жағымсыз пікірлерді байқадық. Қала тұрғындары аталмыш тұрғын үйге жоламауға кеңес беріп отыр.
Айта кетейік, Samal Tower тұрғын үй кешенінің құрылысы 2004 жылы басталған, алайда үш жылдан соң компания банкротқа ұшырап, жоба тоқтап қалған. Кейін 2012 жылы әкімдікпен жалғасқан келісім аясында басқа компания құрылысты жалғастырды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығының қарсаңында 2016 жылы пайдалануға берілді. Аталмыш тұғын үй кешені Алматы қаласында 9 баллға дейінгі жер сілкінісіне төзімді деп жоспарланған. Кешеннің құрылысы кезінде Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болды, ал құрылыс жұмыстарын IBC TAIMAS компаниясы жүргізді.
Нәтижесінде 279 пәтер пайдалануға беріліп, оның 88-і үлескерлерге тиді.
Жобаның жалпы инвестициясы — 9 млрд теңгені құрады.
ПІКІР ЖАЗУ