«Соғыста да баласын анасының көзінше өлтірмеген»: Шерзаттың отбасы Тоқаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Талғардағы қанды қылмыстың құрбаны Шерзат Болаттың қырық күндігі өтті. Осы тұста марқұмның туыстары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, — деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.

Үндеуді блогер, журналист Жан Ахмадиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оған себеп бұл істің әділ өтпеуі мүмкін деген күдік.

«Ешқашан, ешқандай жауыз соғыстың кезінде де баласын анасының көзінше өлтірмеген. Абзал деген жауыз шімірікпей отыр. Ең болмағанда өзінің кінәсін мойындаса ғой. Ол да жоқ», — деді Шерзаттың әжесі.

Анасының айтуынша, Шерзаттың өліміне күдікті дегендер бұған дейін де істі болған.

«Нұрқияс деген жігіттің үстінен осыған дейін де 7-8 іс қозғалып, үш адамның өліміне, төрт адамның мүгедек болып қалуына себепші болған. Осыдан кейін Абзал, Нұрқияс дегендер жазадан сытылып кете ме деп қорқамын», — деді анасы.

Шерзаттыңң әпкесі бұл іске қатысы барлардың барлығы жазасын алсын деп отыр.

«Ешкім жазасыз қалмасын. Куәгер деген қыздар да жазалансын. Олар куәгер емес. Куәгер Шерзаттың анасы, куәгер Шерзаттың әкесі. Ол қыздар куәгер емес», —  деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жан Ахмадиев (@zhan_ahmadiev)