Беларусь елінінің Витебск қаласында осымен XXXIII рет ұйымдастырылып отырған халықаралық өнер фестивалінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева қазылар алқасының төрағасы ретінде үміткерлердің талантын бағаламақ, — деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, жауапкершілігі мол шаруа сеніп тапсырылғанын атап өтті.
«Қадірлі жерлестер! Біз Беларусь еліндеміз. «Лучеса» қонақ үйіне аялдадық. Витебск қаласында өткелі отырған «Славян базары» атты ауқымды фестивальге кеп қалдық. Биыл мен қазылар алқасының төрағасымын. Бұл – өте маңызды әрі жауапкершілігі жоғары жұмыс», — деді Роза Рымбаева.
Айта кетейік, Роза Рымбаева қазылар алқасының тұрақты мүшелерінің бірі.
ПІКІР ЖАЗУ