СҚО-да жүкті әйел қарияны көлігімен қағып, мерт қылды

Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстанда 30 жастағы әйел жаяу жүргіншіні басып кетті. Соның салдарынан қария ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласында болған. Көлік қағып кеткен 66 жастағы әйел аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер қарияның өмірін ажалдан арашалап қала алмады.

Полицейлер әйелдің жүргізуші куәлігі болмағанын растады.

«Аталған оқиғаға қатысты тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 345-бабы («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша іс қозғалды», – деді облыстық полицияда.

Сондай-ақ көлікті басқарған әйел жүкті болған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец