Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде үй иесі жаңа жылдық кешке келген қонағын атып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 1 қаңтар күні кешке Жамбыл ауданы Пресновка ауылында болған. Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
«Кісі өлтіру оқиғасы бірге ішімдік ішу салдарынан болған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, олардың мәліметінше, қылмыс орнынан тіркелмеген шолақ мылтық тәркіленген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ