Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы кәмелетке толмаған 908 жасөспірім білім алып жатқан «Жас-Ұлан» әскери оқу орындарында бас әскери прокуратура қызметкерлері тексеру жүргізді.
Олар білім беру қызметінің қауіпсіздігі мен сапасы, оқу-материалдық үдеріс, өртке қарсы және санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау мәселелерін зерделеді.
️Тексеру қорытындысы бойынша бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.
- Балалардың қауіпсіздігін сақтамау, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық нормалар мен ережелерді бұзу және мектептердің материалдық-техникалық жарақтандырылуының жеткіліксіздігі анықталды.
- Балаларды мектеп автобусында тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі жоқ адам тасымалдаған.
- Мектептердің жабдықталуы талапқа сай емес (жиһаз, кереуеттер, шкафтар, парталар, орындықтар), мектептерде спорттық құрал-жабдықтар (кілемшелер, спорттық жабдықтар, футбол, волейбол доптары) жоқ.
- Мектеп ғимараттары күрделі жөндеуді қажет етеді, онда оқушыларды оқыту олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
ПІКІР ЖАЗУ