Өскемендік шенеунік әскери қызметті кейінге қалдырғаны үшін пара алу күдігіне ілікті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты.
«ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы жасақтау бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол әскерге шақырылушыларға мерзімді әскери қызметті кейінге қалдырғаны үшін ел азаматтарынан бірнеше рет пара алу бойынша күдікке ілінді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді», — деді Арман Тілеукенов ведомствода өткен брифингіде.
Фото: Kazinform
ПІКІР ЖАЗУ