Өскеменде көлік ағашқа соғылып, 1 адам көз жұмды

Өскемен қаласында көлік ағашқа соғылып, 1 адам көз жұмды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы қаладағы Бажов көшесінде болған.

«Subaru автокөлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Соның салдарынан көлік ішінде отырған жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала дерек бойынша жол апатына жүргізушінің көлік тізгініне ие бола алмай қалуы себеп болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: канва