«Сізге сұрақ қойылды, ал сіз баяндама оқып кеттіңіз»: Қошанов ескерту жасады

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаевқа ескерту жасады.

Мәжілістің  жалпы отрысында депутат Еркебұлан Мәмбетов вице-министрден халық денсаулығы туралы кодексте енгізілген түзетулер туралы сұрады. Депутат халықтың өмірі мен денсаулығына зиянын тигізетін санитариялық талаптарға қатысты шағымдардың жиілегенін алға тартты.

“Сапасыз өнімдер, улану жағдайлары бар. Санитарлық талаптарды осындай нақты бұзушылыұтар анықталған жағдайда кәсіпкерлерге қандай шаралар қолданылады?”, – деп сұрады депутат.

Бұл сұраққа жауап берген вице-министр Жандос Бүркітбаев «дәрігерлердің арасында «не навреди» деген мақал бар» деп айтты.

“Осыған қарай, әрине, қазіргі заңнамада әкімшілік және қылмыстық жаза бар. Олар бәрі өзгеріссіөз қалады. Сонымен қатар, бүгін қарап отырған заң жобасында жедел әрекет ету шаралары деген жаңа бақылау түрі көрсетілген. Осы шаралар өзіңіз айтқандай, сапасыз өнімді және улану жағдайларында жедел шешім қабылданады. Сонымен қатар, түпкі сатып алу деген бақылау көзделген. Бұл сәйкес келмейтін өнімді халыққа жеткізуге мүмкіндік бермейді”, – деп жауап берді ол.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов министр орынбасарының сөзін бөліп, «сізге сұрақ қойылды, ал сіз баяндама оқып кеттіңіз»  деп ескерту жасады. Оған жазбаша жауап беруді тапсырды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!