«Сіздерде қалай?»: Ерке Есмахан күтпеген мәлімдеме жасады

Танымал әнші Ерке Есмахан тұрмыс құрғаннан кейінгі өмірінің оң өзгерістері жайлы айтты, деп хабарлады Ozgeris.info.

«Бір кездері мен көп жұмыс істеп, ұшып қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, назардың бәрі менде болғанына керім, күштімін —  «осы менің бақытым» дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт — ішкі тыныштық… Шүкір! Сіздерде қалай?», — деп жазды әнші Ерке Есмахан.

Еске сала кетсек, әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қыркүйек айына жоспарланған Америкадағы концерті кейінге қалдырылғаны жайлы да айтып өткен болатын.