Шымкентте жеті жастағы бала ашық қалған шұңқырға құлап көз жұмды

Фото: gov.kz

Шымкент қаласында жеті жастағы баланың ашық жатқан шұңқырға құлап мерт болуына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазір болған жайттың мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Otyrar басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 12 сәуір күні Тұран-1 шағынауданында болған. Сағат 17:00 шамасында үйінен шыққан бала бірнеше сағаттан кейін тереңдігі шамамен екі метр болатын, суға толған шұңқырдан табылған.

Тұрғындардың айтуынша, бұл шұңқыр бірнеше жыл бұрын көпқабатты үйлерге арналған септик ретінде қазылған. Алайда құрылыс жұмыстары тоқтап қалып, шұңқыр ашық күйінде қалған. Уақыт өте келе ол лас сумен толып кеткен.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)