Шымкентте өгей әкесінің қатыгездігінен зардап шеккен жасөспірімнің тағдыры талқылануда

mel.fm

Шымкентте 16 жасар қыздың анасы ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, себебі ол қызын өгей әкесінің зорлығынан қорғауға қауқарсыз болды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Жасөспірім қыз қазір 10 айдан бері балалар үйінде тұрып жатыр. Бұл жағдайға себеп болған өгей әкесінің зорлық-зомбылығы. Қыздың анасы алимент төлемейді, ал өгей әкесі қатыгез әрекеттері үшін тек айыппұлмен шектелді.

Бұған дейін жарияланған бейнежазбада өгей әкенің балалар бөлмесін талқандағаны, кейін қызды белдікпен сабағаны көрінді. Бұл оқиға қоғамның наразылығын тудырды, ал омбудсмен Динара Закиева назар аударып, мәлімдеме жасаған болатын.

Сот шешімімен анасы наурыз айында уақытша ата-ана құқығынан айырылды. Қараша айында ол бұл шешімді қайта қарауды сұрады. Бірақ психологтардың қорытындысы жасөспірімнің үйге оралуға қорқатынын көрсетті: қыздың бойында үрей, жалғыздық сезімі басым, ал өгей әкесіне қатысты қорқынышы әлі де сақталған.

Балалар үйінің басшылығы анасының ата-ана құқығынан түбегейлі айыру үшін сотқа арыз берді. Ал анасы болған жағдайды туыстарының өз мүлкіне қызығушылығымен түсіндіріп, өз кінәсін жоққа шығарып отыр.