Шымкентте Дендросаябақ басшысы қаржы жымқырған деп күдіктелуде

Дендросаябақ
Фото: Facebook/Дәурен Ерғарин

Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, сондай-ақ бас бухгалтеріне қатысты 14,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.

Тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді.

Қылмыстық іс қала прокуратурасымен сотқа берілді.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л