«Шымқалада жоқ, жоқ»: Ерке Есмахан «Қайда?» әнін студент қыздан 250 мың теңгеге сатып алған

Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан желіде танымал болған «Қайда?» әнін студент қыздан 250 мың теңгеге сатып алған, – деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Бұл туралы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында әннің авторы Диана Исмаил айтты. Оның айтуынша, бұл әнді 8-сынып оқып жүргенде жазған. Он жылдан кейін студияға алып барыпты.

«Қайда?» әнін негізі өзім жаздым. «Қазақстан дауысы» жобасына қатысқан едім. Ол кезде студентпін, бірінші курс оқимын. Ән, композитор іздей бастадым. Бірақ ол кезде қаражатым болған жоқ. Әндерімнің бәрін студияға алып бардым. Студияда өңдейді. Ерке сол студияда әнді естіп қалды. «Ерке деген әпкең боламын» деп, әнді сатып алғысы келетінін айтты. Америкаға кетейін деп жүрген едім. Оқуға, музыкалық білімімді дамытуға. Соған қаражат жинап жатқанмын», — дейді Диана Исмаил.

Ол Ерке Есмахан әнді 2016 жылы 250 мың теңгеге сатып алғанын айтады.

«250 мың теңге студент үшін үлкен ақша болды», — дейді ән авторы.