Шығыс Қазақстан облысында 6 адамды кене шақты.
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде адамды кене шағудың алғашқы жағдайлары тіркелді.
Сәуір айында эпидемиялық маусым басталғалы бері облыстың эндемиялық аймақтарында 6 адам кенеден зардап шекті. Оның ішінде Өскеменде — 5, Катонқарағай ауданында — 1.
«Кене шаққан адамдар ауруханада дәрігерлерге қаралып, түгеліне профилактикалық мақсатта иммуноглобулин салынды. Қазіргі таңда айтақтағы медициналық ұйымдарда иммуноглобулиннің мөлшері жеткілікті», — дейді департамент басшысы Қанат Тұрдиев.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупінің «жоғары» аймағына жатады. Өңірде аурушаңдық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру